|
07.06.2019 | 11:09
2490

«Таксимен алып қаштым»: әнші сүйіктісін қалай келін қылып түсіргенін айтып берді

Бүгінде олардың екі баласы бар, бақытты отбасы

«Таксимен алып қаштым»: әнші сүйіктісін қалай келін қылып түсіргенін айтып берді

Жас әнші Азамат Оразбек жарымен қалай танысқанын айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бала күнінен өнер әлеміне бет бұрған әнші Азамат Оразбек болашақ жарымен қалай танысқанын айтып берді.

«Келіншегіммен ортақ құрбымыздың туған күнінде танысқан болатынбыз. Ең алғаш сол жақта бір-бірімізді көрдік, сосын бір жылдай қыз бен жігіт ретінде араласып жүрдік. Бір жылдай жүріп, тұрмыс құруға ұсыныс жасап, отбасын құрдық. Қазір Айзере мен Айсұлтан деген екі кішкентай сәбиіміз бар», – деді әнші.

Сонымен бірге өнерпаз жігіт жан жарын қалай ашып қашқаны жайлы да әңгімелеп берді.

«Қыздың өзі келісімін беріп, бір күн бұрын жолдастарыммен ертең алып қашуға жоспарлаған болатынбыз. Бірақ жоспар өзгеріп, сол күні алып қашуға тура келді. Бірақ достардың ешқайсысынан көлік табылмай, таксимен алып қашқан болатынмын», – дейді жігіт.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир