|
13.06.2019 | 11:15
3976

«Ұшақ өртенді, далада қондық»: Ұлықпан Жолдасов ұшақтан неге қорқатынын айтты

Әнші бір емес, екі мәрте әуе апатына ұшырап, аман қалса керек

«Ұшақ өртенді, далада қондық»: Ұлықпан Жолдасов ұшақтан неге қорқатынын айтты

Ұлықпан Жолдасов  ұшақтан неге қорқатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Әуе көлігіне мінуден жүрегі шайлығып қалған Ұлықпан Жолдасов оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Өнер иесі бір емес, екі мәрте әуе жолы апатына ұшырап, аман қалған екен. Өлімнен періштем қақты дейді ол. Содан бері ұшаққа отырмай жүрген өнер жұлдызы амал жоқтан әуе көлігін қолдануға мәжбүр болғанын айтады.

«Ұшаққа екі-үш жылдай отырмай жүрдім. Екі рет апатқа ұшырадық. Бір рет АН-24 деген самолетпен далада қондық. Ал, екіншісінде өртендік. ТУ-54 болған ол кезде. Содан кейін ғой отырмай жүргенім. Амал жоқ, қайтадан қарын ашты, жұмыс істеу керек. Қайтадан ұшуға тура келді. Аздап бойым үйреніп келеді», - дейді Ұлықпан Жолдасов.

Өнер иесі тіпті көлік жүргізуден де қорқып қалғанын жасырмады. Қазіргі таңда темір тұлпарды тізгіндемейтін себебін  ол былайша түсіндірді:

«Негізі өзім көлікпен жүргенді жақсы көремін. Астанаға көшкелі көлігімді сатып жібердім. Қазір жаяу жүрмін. Жаңа қалада бәрін жаңадан бастағанды жөн көрдім», - дейді өнер иесі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир