|
26.03.2020 | 11:20
7706

Әнші Димаш Құдайберген дәрігерлердің жалақысын көтеруді ұсынды

Бұл туралы Димаш өзінің Instagram парақшасында жазды

Әнші Димаш Құдайберген дәрігерлердің жалақысын көтеруді ұсынды kudaibergenov.dimash

Әнші Димаш Құдайберген басын қатерге тігіп, коронавируспен ауырғандарды емдеп жатқан медициналық қызметшілерге алғыс айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Өзге адамдарға көмектесу үшін басын қатерге тігіп жатқан медициналық қызметшілерге шын көңілден алғыс айтқым келеді. Кеше Қазақстанда екі адам коронавирустан емделгені туралы жаңалық оқыдым. Қазақстандағы және әлемдегі барлық дәрігерлерге басымды иемін», - деп жазды Димаш Құдайберген Instagram парақшасына . Сондай-ақ, ол медицина қызметшілерінің еңбегі үлкен құрметке лайық екені туралы жазды.

«Әншілер мен кино жұлдыздары әрдайым қошеметке ие болады, бірақ менің көзқарасым бойынша – дәрігерлер одан да зор құрметке лайықты. Еліміздегі барлық дәрігердің жалақысы көтерілсе жақсы болар еді», - деп жазды ол.

Түркиялық әнші Абайдың әніне бейнебаян түсірді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир