|
03.01.2019 | 11:23
7062

Димаш Құдайберген шетел телеарналарында жаңажылдық бағдарламалардың қонағы болды (видео)

Димаш Құдайберген шетел телеарналарында жаңажылдық бағдарламалардың қонағы болды (видео)

Димаш Құдайберген Қазақстан, Ресей және Қытай телеарналарында көрсетілген жаңажылдық бағдарламаларына қатысты, деп хабарлайды BNews.kz.

Әншінің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында оның «Россия-1» телеарнасының эфирінде орындаған Игорь Крутойдың «Любовь уставших лебедей» әнінің жазбасы жарияланды.

Сондай-ақ, Димаш Құдайберген «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының жаңажылдық мерекелік бағдарламасына қатысты. Оның қатысуымен түсірілген тағы бір бағдарлама қытайлық «Beijing TV» эфирінде шығарылды, онда қазақстандық әнші «Screaming», «Lively Planet and Moonlight Mama» әндерін орындады.

2 қаңтарда Димаштың қатысуымен CCTV3 эфирінде «New Year Carnival» бағдарламасы көпшілікке көрсетілмек.

«2019 Жаңа жылмен құттықтаймын! Жаңа жыл көптеген жақсылық алып келсін! Көптеген сыңғыр күлкімен қарсы алсын! Әрбір секунд сайын бақытты, әр күн сайын бақытты, әр жыл сайын бақытты болындар. Денсаулықтарың мықты болсын!», - деп тіледі Димаш Құдайберген Instagram-дағы оқырмандарына.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир