|
11.02.2019 | 11:32
4080

«Ақшаны жақсы көрмеймін»: Гауһар Әлімбекова бар шындықты жайып салды

Достықтан аузы күйген әнші, нәзік жандылар арасындағы достыққа сенбейді

«Ақшаны жақсы көрмеймін»: Гауһар Әлімбекова бар шындықты жайып салды Stan.kz

Құрбысына үй алып бермек болып, алаяқтардың құрбанына айналған Гауһар Әлімбекова алты жылға сотталған еді. Қолхатпен бостандыққа шыққан әнші өзінің бар шындығын жайып салды, деп жазады NUR.KZ.

Достықтан аузы күйген әнші, нәзік жандылар арасындағы достыққа сенбей қалған.

«Қыздарда ешқашан достық болмайды. Оған қыздардың пейілі жетпейді. Алла Тағала солай жаратқан ба? Қыздар бір-бірінің қуанышын көре алмайды. Мен өз басыма ғана жауап беріп жатырм. Мен ер адамдармен дос бола аламын. Алайда қыздармен дос болып аузым күйген бе, қыздарда достық болады дегенге сенбеймін», - деген Гауһар Әлімбекова.

Сондай-ақ әнші өзінің сотталмайтынына, өзінің кінәсіз екеніне сенімді болған.

«Ақшаға байланысты дүние болса, мен оған жоқпын. Ақшаны жек көремін. Онша ұнатпаймын. Қандай дәрежеге жетсем де, бірінші Алланың, екінші өзімнің шыдамымның арқасында жеттім деп ойлаймын», - деді сөзін қорытындылаған әнші.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир