|
13.05.2019 | 11:45
5549

Әнінің сөзін ұмытып қалған Нұрболат Абдуллин ұятқа қалды (видео)

Видеодан әншінің бір әннің әуенімен екінші әннің сөзін орындағанын байқауға болады

Әнінің сөзін ұмытып қалған Нұрболат Абдуллин ұятқа қалды (видео)

Сахнада өз әнінің сөзін ұмытып қалған Нұрболат Абдуллин ұятқа қалды. Kaz_stars парақшасында пайда болған әншінің видеосын көпшілік қызу талқыға салды.

Видеодан әншінің бір әннің әуенімен келесі әннің сөзін орындағанын байқауға болады.

Желі қолданушылары «Ұят болды», шеттерінен өтірік әнші», «Әннің сөзін ұмыту сәнге айналған ба?», «Димаш сияқты түрлі халықтың алдында бірнеше тілде ән айтса қайтер екен» деп, өз әнінің сөзін жатқа білмеген өнер иесін қатаң сынға алды.

«Жанды дауыста ән айтқасын, сөзін жаттау керек қой», «Әнін білмесе несін халықтың алдына шығады?», «Қазіргі әншілерге бәрібір», «Ақырзаманның белгісі. Дауысы жоқ әншілер көбейді».

«Ұмытып қалған жоқ, шатасып кетті», «Жауапкершілігі жоқ, халықты сыйлауды қойған», «Концерт беру үшін тыңғылықты дайындалып шықпайды ма?», «Сахнаға шығып, білгендерін істеп жатыр» деді пікір қалдырғандар жарыса.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир