|
31.01.2019 | 11:55
7209

«Мен қатысатын соңғы байқау»: Димаш Құдайберген АҚШ-тағы таланттар шоуы жайлы айтты

Талантливый молодой певец анонсировал выход в эфир шоу, в котором он принимает участие

«Мен қатысатын соңғы байқау»: Димаш Құдайберген АҚШ-тағы таланттар шоуы жайлы айтты

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Instagram желісіндегі парақшасында CBS арнасындағы америкалық The World's Best («Әлемнің үздіктері») шоуы жайлы айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Барлығын басынан бастау. Бірақ ол қажет пе? Қажет. Жеңіліске дайын болмаған адам - жеңіске дайын емес деген сөз. Уақыты келген болуы керек. 3 ақпан. Америка. CBS арнасындағы жаңа шоу. Бұл мен қатысатын соңғы байқау», - деп жазды әнші.

Мұның алдында Димаш Құдайбергеннің The World's Best шоуында қандай ән айтқаны белгілі болған еді. Ол  Қытайда I'm A Singer шоуында айтқан S.O.S d'un terrien en détresse композициясын орындаған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир