|
02.05.2019 | 11:58
6829

«Әміре» фильмі АҚШ-та екі бірдей жүлдеге ие болды

Бірі – «Үздік оқиғалы фильм» болса, екіншісі – «Үздік актер».

«Әміре» фильмі АҚШ-та екі бірдей жүлдеге ие болды фото из открытых источников


«Әміре» көркем фильмі Richmond International Film & Music Festival кинофестивалінде екі бірдей жүлдеге ие болды. Бірі – «Үздік оқиғалы фильм» болса, екіншісі – «Үздік актер». Бұл аталым басты рөлді сомдаған Санжар Мәдиге бұйырды.


Аталған картина ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» киностудиясы және «DAR Play» компаниясы түсірген.


Кинотуынды қазақтың біртуар әншіcі Әміре Қашаубаевтың қамшының сабындай  қысқа да, жарқын ғұмырын баяндайды. Сондай-ақ, фильмде Әміре Қашаубаевтың танымал америкалық джаз композиторы Жорж Гершвинмен достығы да көрініс табады.  


Richmond International Film & Music Festival – АҚШ-та өтетін ауқымды халықаралық кинофестиваль. Виржиния штатындағы Ричмонд қаласына үздік заманауи фильмдерді жұртшылыққа танытатын кинофорум.


Былтыр «Әміре» фильмі бірнеше жүлдеге қол жеткізген. Атап айтсақ: Hollywood Film Festival кинофестивалінде «Best Global Hollywood Film» жүлдесі, сонымен қатар, Panasonic компаниясы атынан арнайы сыйлық, және Грузияда өткен Golden Eye Халықаралық кино және телеоператорлар фестивалінде арнайы жүлдемен марпатталды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир