|
11.02.2019 | 11:59
3412

Павлодарлық музыка мектебінің оқушысы жеті аспапта ойнайды

16-летний Суениш Салкимбаев за семь лет освоил фортепиано, гитару, флейту, домбру , блокфлейту, пианику и шанкобыз

Павлодарлық музыка мектебінің оқушысы жеті аспапта ойнайды pavlodarnews.kz.

15 жастағы Сүйеніш Салқымбаев қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық байқаулардың 9 мәрте жеңімпазы атанған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы агенттікке облыстық білім беру басқармасы мәлім етті.

«Сүйеніш мектебімізге 2011 жылы қабылданды. Классикалық гитара сыныбында оқиды. Балалармен тез тіл табыса біледі. Фортепиано, гитара, флейтаның үш түрі, домбыра, блокфлейта, пианина және шаңқобыз сияқты жеті аспапта онайды. Осы уақытқа дейін өзінің дарындылығымен көзге түсіп, айтулы жетістіктерге қол жеткізді», - деді музыкалық колледж-дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатының ұстазы А.Алпысбаева.

Сүйеніш Салқымбаев 10 жасынан бастап қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық музыка байқауларына қатысып, 9 мәрте бас жүлдені жеңіп алған.

2014 жылы Астанада өткен III ашық өңірлік жас музыканттардың байқауында 1-орын алды. 2015 жылы Тәтімбет Қазанғаповтың 200 жылдығына арналған 49- шы облыстық байқаудың бас жүлдегері, сол жылы Астанада өткен IV халықаралық байқауда 1-орынға ие болды.

2015 жылы Челябинскіде өткен халықаралық фестиваль-конкурста «виртуоз-гитаршы» атағын алды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир