|
18.06.2019 | 11:59
20107

«Жұбайымның қолын ұстап отырып сөз бергем»: Медеу Арынбаевтың оқиғасы жұрттың жүрегін елжіретті

Қатты ауырып ота жасатқан ол, аяққа тұруына әйеліне берген уәдесі көмектескенін айтады

«Жұбайымның қолын ұстап отырып сөз бергем»: Медеу Арынбаевтың оқиғасы жұрттың жүрегін елжіретті

Медеу Арынбаевтың әйеліне берген уәдесі жұрттың жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қарақатпен шай» бағдарламасына сілтеме жасап.

Әйелінен ерте айырылған Медеу Арынбаев балаларының қамы үшін аянбай еңбек етіп келеді. Жақында қатты ауырып ота жасатқан ол аяққа тұруыма әйеліме берген уәдем септігін тигізді дейді. Қос құлынының болашағын өз мойнына алған Медеу Арынбаев жан тебірентерлік оқиғасымен бөлісті.

«Мен ұл-қызымды жететін жеріне жеткізуім керек. Көз жұмар алдында жұбайымның қолын ұстап отырып, Алланы атап сөз бергенмін. Ес-түссіз жатып, кетерін білгенде «уайымдама, Дәулетіміз бен Даянамызды мен аяққа тұрғызамын, мен сені сүйемін»  деген сөздерім есіме түсті», – дейді Медеу Арынбаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир