|
20.10.2019 | 12:01
5269

Димаш индонезиялық жанкүйерін Санкт-Петербургтегі концертінде ән айтуға шақырды (видео)

Кеш 29 қарашада Санкт-Петербургте өтеді

Димаш Құдайберген 29 қарашада Санкт-Петербургте өтетін концертіне индонезиялық әнші Римарды ән айтуға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz.

"Менің индонезиялық талантты әнші туралы жазбам естеріңізде болар. Мен оның орындаған бірнеше әндерін көрдім. Енді үлкен сахнада қалай өнер көрсететінін көрсем деймін. Бұл Ресейде Санкт-Петербургте өтетін жеке концертімде болады. Ендеше қымбаттыларым көріскенше", - деп жазды Димаш Құдайберген.

Шілде айында индонезиялық бойжеткен Димаштың Игорь Крутойдың концертінде орындаған "Любовь уставших лебедей" әнін айтып, желіде бөліскен болатын.  Ол әнді орысша орындаған.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир