|
17.04.2019 | 12:09
5770

«Таза өтірік»: Қыдырәлі Болманов Гүлзира Айдарбекованың сөзін жоққа шығарды

Ол «Қайрат пен анасы ешқашан менің алдыма келген емес», деп Гүлзираның сөзін жоққа шығарды

«Таза өтірік»: Қыдырәлі Болманов Гүлзира Айдарбекованың сөзін жоққа шығарды

Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайратты кезінде сахнаға алып шығу үшін талай продюсердің табалдырығын тоздырғанын айтып, олардан еш қайыр болмаған соң, тізгінді өз қолына алғанын айтқан болатын. Бұл тізімде Қыдырәлі Болмановтың да аты аталды.  Алайда «АБК» тобының жетекшісі оның сөзін жоққа шығарып отыр, деп хабарлайды Stan.kz.

«Шынымды айтсам, Қыдырәлі Болмановқа, Майра Ілиясоваға тағы да сол сиқяты біраз адамдардың алдына бардым. Олар баламның өнерін көрді, алайда «жарайды, шығарайық» деген жоқ. Қыдырәлі «дайындалсын» дегенге қуанып әндері мен бейнебаяндарын апарып көрсетіп жатсам, назар да салған жоқ, ойлары басқа жақта отырды», - деген еді Гүлзира Айдарбекова.

Бұл сөзге Қыдырәлі Болманов үнсіз қалған жоқ. Ол «Қайрат пен анасы ешқашан менің алдыма келген емес», деп Гүлзираның сөзін жоққа шығарды.

«Бұл таза өтірік! Қайрат Нұртас маған келіп, «продюсер болыңызщы» деген емес. Анасын да көрген емеспін.  Ешқандай ұсыныс болған жоқ. Ұсыныс болғанда мен қарап,  міндетті түрде тыңдар едім», - дейді Болманов.

Қыдырәлі керісінше, өзінің Қайратты қолдауда аянып қалмағанын айтты.

«Кезінде «концертіме қатысып берші» деген өтінішін жерге тастамай, талай рет Қайрат Нұртастың концертіне қатысып кеттік. Одан кейін дуэт айтайық деген ұсыныстар болды. Оған уақытымыз болмады», - дейді Болманов.

«Маған ненің азабы дедім. Әрқайсының артынан жүгіріп, баламды қараңызшы, көріңізші, таланты бар деп. Өзім ойладым да кірісіп кеттім. Бірақ олардың бәрі маған күш берді деп ойлаймын. Егерде сол кезде жеңіл-желпі шығара салғанда, ол кезде мұның қадірі болмас еді», - деген еді Айдарбекова

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир