|
11.10.2019 | 12:13
7723

Қайрат Нұртас жұбайының Қарақалпақстаннан екенін айтты (видео)

Әнші қарақалпақтар оған қайын жұрт болатынын әзілдеп айтқан

Қазақ эстрадасының жарқын жұлдызы Қайрат Нұртас қалың жұртқа әйелінің Қарақалпақстаннан екенін жеткізді. Оның айтуынша, Жұлдыз Әбдікәрімова аталмыш елде дүниеге келген. Ал өскен жері Алматы қаласы екен деп жазады Youtube желісіндегі "Megaline" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртас Қарақалпақстанға концерт қоюға барып, жергілікті телеарнаға сұхбат берген.

Оның барысында әнші жарының осы елдің тумасы екенін айтып, қарақалпақтар оған қайын жұрт болатынын әзілдеп айтқан.

"Иә, ол осында туған. Бірақ, Алматыда өскен. Ұлты - қазақ. Демек, мен Қарақалпақстанға күйеумін", - деді әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Нұртастың жанкүйерін кеудесінен итеріп, басы дауға қалғанын жазған болатынбыз.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир