|
04.10.2019 | 12:15
8413

«Жүрегі тоқтады»: Ердос Қанаев 9 жыл жасырған ұлының құпиясын ашты

Әнші жанары жасқа толып көпшілікке сырын ақтарды

«Жүрегі тоқтады»: Ердос Қанаев 9 жыл жасырған ұлының  құпиясын ашты stan.kz

Ердос Қанаев алғаш рет тоғыз жыл бойы жұрттан жасырып келген құпиясын бөлісті. Айтуынша, бүгінде өзінде бар даңқ пен дәулет бір баласының тырнағының ұшына татымайды, деп хабарлайды Stan.kz.

«Алла баламен сынамасыншы» дейді көбісі жайнап жүрген әншінің көзінде мұң барын байқамады. Жанары жасқа толып отырып әнші алғаш рет көпшілікке сырын ақтарды.

«Алғаш рет ата-ана болдық деп қуанып жүрдік. Бірақ үлкен баламыз сынақпен келді. Ауыр диагнозбен туып, екі айға дейін вакуумде жатты. Жалпы қуанышымыз ұзаққа созылған жоқ. Бала өмірге келді деген кезде қатты қуандық та, артынан жаңағындай жағдайды естігеннен кейін екеуімізге қатты соққы болды. Біз екі жас бас қосса болды, бала өзінен өзі дүниеге келе береді деп ойлаймыз. Бірақ біздің басымызда ондай болған жоқ. Баламыз үлкен сынақпен келді», - дейді Ердос Қанаев.

Бірақ қос ғашық сынаққа сынбады, төтеп бере білді. 9 жыл бұрын «Жүрегі тоқтады» деген дәрігерлердің сөзін құлаққа ілмей балаларын әлі арқалап келеді.

«Қазір 9 жаста. Маған көп адам Instagram желісінде «Үлкен балаңызды неге көрсетпейсіз? Төрт балам бар дейсіз, бірақ біреуі қайда?» деп жазады. Осы күнге дейін біреуге тіс жарып айтпаппын. Үлкен ұлымыз үлкен сынақпен келді. Алланың сынағы деп қабылдаймыз. Жалпы аурухана мен үйдің арасында жүргенімізге 9 жылдың жүзі болды», - деді әнші.

Жер жарған атақ та, даңқ та, бақ пен дәулет те бір ұлымның тырнағына татымайды, дейді Ердос. Тағдырдың қаншалықты тауқыметі болса да, соншалықты баласына таудай көлеңкесін түсіруде. Тұңғыштарының соңынан тағы сәби сүйді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир