|
15.12.2019 | 10:50
3946

YouTube-те миллиард рет қаралған: ең танымал бейнебаяндары қандай?

Рейтингте бірінші орында испан тіліндегі Despasito хиті болса, екінші орын Shape of you композициясымен британдық әнші Эд Ширанға бұйырды

YouTube-те миллиард рет қаралған: ең танымал бейнебаяндары қандай?

Жаңа жыл қарсаңында YouTube видеохостингі 2010 – 2019 жылдар аралығындағы ең танымал бейнеклиптер рейтингін жасады.

Рейтингте бірінші орынды Луис Фонси мен Дэдди Янкидің Despacito әніне түсірілген бейнебаян алды. Ол видеоплатформаға 2017 жылы жүктеліпті, деп хабарлайды Forbes.

Клип екі жылда 6,5 миллиард рет қаралған.

Екінші орынға Shape of you әніне арналған видеосымен британдық музыкант Эд Ширан ие болды. Оның туындысы 4,5 миллиард рет қаралыпты. Бұған қоса, осы әншінің Thinking out loud деген екінші композициясы чарттың оныншы орнын иеленді.

Үшінші орын See you again бейнебаянымен америкалық рэпер Уиз Халифаға бұйырды. Оның клипі 4,3 миллиард рет қаралған екен.


Сондай-ақ, рейтингке Джастин Бибер, Maroon 5 тобының бейнеклиптері мен корейлік орындаушы Psy-дың баршаға танымал Gangnam Style трегі енді. Gangnam Style 3,4 миллиард рет қаралыпты.

Sputnik.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир