|
14.09.2019 | 12:29
4497

Алматы туралы үздік әннің авторы мен орындаушысы 500 000 теңгеге ие болады

MUSIQ ALA фестивалі 15 қыркүйекте өтеді

 Алматы туралы үздік әннің авторы мен орындаушысы 500 000 теңгеге ие болады Максим Золотухин

15 қыркүйек - Қала күні аясында MUSIQ ALA музыкалық фестивалі өтеді, деп хабарлайды inAlmaty.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фестивальдің басты мақсаты  - таланттарға қолдау білдіріп, оларға өнер мен көрермен жүрегінен өз орындарын  табуға көмектесу. Музыкалық топтар немесе жеке әншілер фестивальге қатысу үшін сайтқа тіркеліп, сахнаға шыға алады.

Байқауда «Үздік орындаушы» болғаны үшін жүлделі орындар қарастырылған:

  1 орын - 750 мың теңге;

  2 орын - 400 мың теңге;

  3 орын - 200 мың теңге;

«Алматы туралы үздік ән» сыйақысы - 500 мың теңге.

Фестивалге қатысушылар саны шектеулі. Жеімпазды көрермендер шараның сайтында онлайн дауыс беру арқылы анықтайды. Өнер жолына енді ғана аяқ басқан жас өнерпаздардан бөлек фестивалге JCS тобы, Әлішер Сулейменов, Олжас Байқанов, Жандос Естай, Жеңіс Нұрғали, Гүлнар Көшенова секілді белгілі өнер жұлдыздары қатысады.

Басталуы сағат 16:00-де мына мекен-жайда: Панфилов -Қарасай батыр көшелерінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер жолы.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир