|
26.10.2019 | 12:42
11583

Димаш Құдайбергенді АҚШ-та жанкүйері қарсы алды (видео)

Әншінің Instagram-дағы парақшасында осы сәттен видео жарияланды

Танымал әнші Димаш Құдайберген АҚШ-қа келді. Нью-Йорк қаласының әуежайында әншіні көптеген жанкүйері қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Әншінің Instagram-дағы парақшасында осы сәттен видео жарияланды.

Әншінің жеке сайтының хабарлауынша, белгілі ресейлік композитор Игорь Крутой өзінің мерейтойына орай 2019 жылдың 26 қазанында Barclays Center-де өнер көрсетпек.

Димаш Құдайберген осы шараға қонақ ретінде қатысады.

Еске сала кетсек, Димаш Құдайберген 10 желтоқсанда Нью-Йоркте (АҚШ) «Arnau tour ENVOY» жеке концертін өткізеді. Онда Димаш төрт тілде ән шырқайды. Концертті ҚР Мәдениет және спорт министрлігі АҚШ-тағы Қазақстан Республикасының мәдени күндері аясында ұйымдастырмақ. Димаш 19 мың көрерменге арналған «Barclays Center» аренасында өнер көрсетеді. Концерт билеттері 13 қыркүйекте сатыла бастады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир