|
04.12.2019 | 12:37
5439

Алматыда VIII халықаралық «Бастау» кинофестивалі өтіп жатыр

Халықаралық байқауға таңдап алынған 10 картинаның қатарында Шәрипа Оразбаеваның «Мәриям» фильмі де бар

Алматыда VIII халықаралық «Бастау» кинофестивалі өтіп жатыр Almaty.tv

Байқау  кино саласындағы өнерлі жастар мен майталман шеберлердің пікір алмасуына мүмкіндік беретін алаңға айналды. 26 мемлекеттен таңдалып алынған фильмдер қатысып жатқан фестиваль форматына биыл біраз өзгерістер енгізіліпті. Оған дебюттік толықметражды фильмдер де қатысуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Биылғы байқаудың ерекшелігі – оған дебюттік толықметражды фильмдер де қатысады. Біз бұған дайынбыз деп есептеймін, өйткені бұл – сегізінші рет болып жатқан фестиваль. Мұнда бастысы қатысушылардың өз қысқаметражды фильмдерін ұсынып қана қоюы емес, одан да маңыздысы – қысқаметражды кинодан толықметражды киноға дейінгі ауыр жолды өткере білу», – деді «бастау» кинофестивалінің президенті Сергей ӘЗІМОВ.

Дебюттік толықметражды фильмдердің халықаралық байқауына 10 картина таңдап алынды. Олардың қатарында түрлі халықаралық байқауларда топ жарып жүрген Қырғыз елінің «Аврора», Берлин кинофестиваліне қатысқан «Оларды көрген соңғы адам», Үндістан мен Қытайдың бірлесіп түсірген «Ауырсыну» фильмі, Корей елінің «Бейіттерді жылыту» кинолентасы, әлемдік жетекші кинофестивальдер лауреаты - отандық «Мәриям» картинасы бар. Авторлық фильм режиссердің жеке қаражатына түсірілген.

«Мәриям» фильмі шынайы оқиғадан құрылған. Бұл жерде басты рөлді кейіпкер Меруерттің өзі ойнайды. Ол кісі – актриса емес, шынайы адам, сол кейіпкердің өзі. Өмірде қалай бар, біз киноны сол жерге барып, шынайы оқиға түсірдік. Ол шынымен солай күйеуін жоғалтып алған. Әлі іздестіріп жатыр, денесі табылған жоқ. Және соның кесірінен ол кісі мемлекеттен ешқандай жәрдем ала алмай отыр», – деді «Мәриям» фильмінің режиссері Шәрипа ОРАЗБАЕВА.

«Бастау» кинофестивалінің салтанатты ашылуы режиссер Шәрипа Оразбаеваның «Мәриям» атты картинасымен басталмақ. Ал байқау жеңімпаздары 7 желтоқсанда жарияланады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир