|
17.06.2019 | 12:42
9533

«Тосын сый болады»: Еуразия кинофестиваліне Голливуд жұлдызы келеді

XV халықаралық Еуразия кинофестивалі 30 маусым мен 6 шілде аралығында Нұр-Сұлтанда өтеді

«Тосын сый болады»: Еуразия кинофестиваліне Голливуд жұлдызы келеді today.kz

Халықаралық кинофестивальге Голливуд жұлдыздары қатысуы мүмкін. Бұл туралы Еуразия кинофестивалінің төрағасы Ермек Тұрсынов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның айтуынша, кинофестивальде 6 секция болады: халықаралық байқау, қысқаметражды фильмдер байқауы, «Еуразия жүрегінен», «Объектив», «Айрықша көрсетілім», «Нетпак таңдауы». Алғашқы екеуі негізгі конкурстық секция болып саналады.

«Тосын сый жасағалы жатырмыз. Голливуд жұлдыздарымен көліссөздер жүргізілуде. Сондай-ақ, фестивальге отандық және шетелдік кино саласының өкілдері қатысады. Атап айтқанда, Netflix, Fox, Columbia pictures секілді кинокомпаниялардың мамандары болады»,  деді кинофестиваль төрағасы.

Тұрсыновтың айтуынша, бұған дейін шетелдік жұлдыздар Қазақстанда қызыл кілеммен өтіп, тек қонақ болып кететін. Енді олар отандық кино өндірісінің дамуына үлес қосатын болады.

«Олармен отандық кино өнеріне үлесін қосатындай жобаларды қарастырып жатырмыз. Танымал кино продюсерлер өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сағаттарын өткізетін болады», – деді Еуразия кинофестивалінің төрағасы.

Брифинг барысында Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Әбіл Жоламанов биылғы кино фестивальге

алғаш рет Франция, Ұлыбритания, Ресей, Израиль, Македония елдерінің кино шеберлері қатысатынын атап өтті.

Сонымен қатар ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарма төрағасы Андрей Хазбулатов та халықаралық шарада танымал жұлдыздардың болатынын атап өтті.

«Голливуд жұлдыздары болады. Кімді шақыратынымызды әзірге айта алмаймыз. Қазір олармен келіссөздер жүргізіліп жатыр», – деді ол.

Кинофестифальге 100-ден аса фильм түскен, соның 56-сын іріктеліп алынып, байқауға қатысады.

Айта кетейік, халықаралық Еуразия кинофестивалі Нұр-Сұлтан қаласында 30 маусымнан 6 шілде аралығында өтеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир