|
22.04.2019 | 12:43
2469

Халық әртісі, танымал актриса өзін үш жігіттің жабылып зорлағаны туралы айтты

Актриса Алена Яковлева басынан өткен жантүршігерлік оқиғаны айтып берді

Халық әртісі, танымал актриса өзін үш жігіттің жабылып зорлағаны туралы айтты

Ресейдің халық әртісі Алена Яковлева НТВ арнасындағы «Секрет на миллион» бағдарламасына берген сұхбатында өзін үш жігіттің жабылып зорлағаны туралы айтты, деп жазды sputniknews.kz.

Актрисаның айтуынша, бір күні тәтесінің үйіне барып келу үшін жолшыбай көлік ұстайды. Автода екі жігіт отырған. Олар әртісті межелі жеріне апарып, біраз күтіп, қайтадан үйіне жеткізіп салуды ұсынады. Яковлева келісе кетеді, алайда қайтар жолда көлік оны үйіне емес, айдаладағы бір үйге алып кетеді. Екі жігіттен бөлек онда тағы бір ер адам бар екен. Әуелі олар Яковлеваға ішімдік ұсынады, ер азаматтардың өзі сау болған, бірінің «түрі ұсқынсыз болған». Тұрып кетпек болған актрисаны олар жібермей қояды.

Сол сәтте әртіс айғайлап, көмек сұраудың еш көмектеспейтінін түсінеді – дымын шығарса, әлгілер «ұрып-соғып, тіпті өлтіріп, бір шұңқырға тастай салар еді». Сол себепті ол: «Жақсы онда. Бірінші қайсың?» – деп сұрайды. Мұны естіген жігіттер бастапқыда абдырап қалыпты.

«Мән-жайын толығымен айтпай-ақ қояйын. Істейтіндерін істеді», - деді Яковлева.

Бір қызығы, жәбірленушінің айтуынша, ер азаматтар оны зорлағаннан кейін үйіне жеткізіп салыпты. Актриса көліктің нөмірін есте сақтамаған, ата-анасына да, құқық қорғау органдарына да болған жайтты айтпайды.

Яковлева бұл оқиғадан үлкен сабақ алған. «Мені Жебеуші періште мен Құдай сақтап қалды», - дейді әртіс.

Алена Яковлева — Мәскеу академиялық әзіл-ысқақ театрының актрисасы, Кеңес Одағының халық әртісі Юрий Яковлевтің қызы. Юрий Яковлев «Ирония судьбы или с легким паром», «Иван Васильевич меняет профессию», «Гусарская баллада» басты рөлдерді сомдаған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир