|
25.12.2019 | 14:28
15941

Димаш Құдайберген әлемдегі ең мықты әнші ретінде мойындалды

Ол ресейлік опера әншісі Сергей Дудинский мен француз әншісі Лара Фабианға жол беріп, ІІІ-орынға ие болды

Димаш Құдайберген әлемдегі ең мықты әнші ретінде мойындалды

Димаш Құдайберген Adagio World тағайындаған халықаралық сыйлық - "Әлемдегі ең үздік ән орындаушы" аталымының үштігіне енді, деп хабарлайды zakon.kz.

Дауыс беру қорытындысы бойынша қазақстандық әнші ресейлік опера әншісі Сергей Дудинский мен француз әншісі Лара Фабианға жол беріп, өз номинациясында ІІІ-орынға ие болды. Сергей Дудинскийге - 414 мың, Лара Фабианға - 408 мың, Димашқа - 402 мың адам дауыс берген.

Adagio World Award жеңімпазы 100 мың еуро көлемінде сыйлық алады немесе Еуропа мен АҚШ-тағы ән жазатын компаниямен және продюсерлік орталықпен ынтымақтастық туралы келісімшартқа ие болады. Марапаттау рәсімі Парижде өтеді.

Айта кету керек, Димаш дауыс беру кезеңінде ұзақ уақыт бойына бірінші келе жатқан, бірақ ресейлік әнші Сергей Дудинскийдің жанкүйерлері өзінің кумирін шешуші сәтте І-орынға шығарып жіберді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир