|
Мәдениет және шоу-бизнес
13.02.2019 | 12:53

Данэлия Төлешова The World’s Best шоуында қалай өнер көрсеткенін айтты

Бағдарлама жүргізушілерінің бірі Данэлияны «таңғажайып дауыс иесі» деп таныстырды

Данэлия Төлешова The World’s Best шоуында қалай өнер көрсеткенін айтты

Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешова америкалық The Real ток-шоуына қатысты, деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Бағдарлама жүргізушілерінің бірі Данэлияны «таңғажайып дауыс иесі» деп таныстырып, оны The World’s Вest шоуында «вокал ғажайыбы» деп атағанын ерекшеледі.

Жүргізуші қыздың қазылар алқасына қалай әсер еткенін және ән айту талантының бар екенін қашан түсінгенін сұрады.

«Мен 10 жасымда «Голос.Украина» шоуына қатысып, жеңімпаз атандым. Бұған дейін мен гимнастикамен айналыстым, бірақ сәтсіз құлағаннан кейін мен билей алмадым», - деді Данэлия.

Ол The World’s Вest қазылар алқасының мүшелерімен кездесуді армандаған: Фэйс Хилл, Дрю Бэрримор, Ру Пол және Джеймс Корденмен. Ол өз арманы орындалғанын айтты.

«The World’s Вest сахнасына шығар алдында аяғым дірілдеді. Бірақ ән айта бастағанымда бірден басылды. Сахнада мен өзімді әрдайым бақытты сезінемін», - деді Төлешова.

12 жастағы әнші болашақта альбом жазуды жоспарлап отырғанын айтты. Данэлияның айтуынша, ол iamdaneliya.com ресми сайтта сатып алуға болатын киім желісін іске қосқан.  The Real Ток шоуы америкалық KPLR-TV телеарнасында шығады.