|
08.05.2019 | 21:09
7192

Композитор Еркеш Шәкеев көпбалалы отбасыға 4 бөлмелі пәтер сыйлады

Сазгердің шығармашлықта жүргеніне биыл 30 жыл

Композитор Еркеш Шәкеев көпбалалы отбасыға 4 бөлмелі пәтер сыйлады Литер

Алматыда Еркеш Шәкеевтің авторлық кеші өтті. Айтулы шара композитордың өнердегі 30 жылдығына орай ұйымдастырылған деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Концертте сазгердің танымал әндері мен тырнақалды туындылары шырқалды. Оның шығармаларын эстрадамыздың жарық жұлдыздары мен шетелден келген айтулы қонақтар орындады. Олардың қатарында Ұлыбританиядан келген әнші Бьянка Николас та бар. Ол Шәкеевтің жаңа туындысын орындады. Сондай-ақ пианиношы Оливер Пул композитордың шығармашылық әлемінен шашу шашты.

Концерттен жиналған қаржы қайырымдылыққа жұмсалды. Атап айтсақ, Еркеш Шәкеев көпбалалы отбасыға 4 бөлмелі баспана сыйлады. 5 қызды тәрбиелеп отырған бұл отбасы талай жылдан пәтер жалдап тұрып келген.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир