|
27.03.2020 | 14:04
12340

Димаш Құдайберген онлайн концерт береді

Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін онлайн режимде түрлі шаралар өткізу туралы тапсырма берген болатын

Димаш Құдайберген онлайн концерт береді © Sputnik / Екатерина Лызлова

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін онлайн режимде түрлі шаралар өткізу туралы тапсырмасына сай, "Қазақтелеком" компаниясы ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп, "Карантиндегі жұлдыз" онлайн концерттер топтамасының түсірілімін бастады, деп хабарлайды sknews.kz.

Бұл шараның шымылдығын танымал әнші Жұбаныш Жексенұлы ашып, мыңнанастам онлайн-көрермендерді ңықыласына бөленді.

"Мен үшін бұл концерт жаңаша мүмкіндік, жаңаша формат, тың тәжірибе болды. Карантин деп қарап отырмай, көрермендермен осылайша жүздесудің өзі бір ғанибет екен. Әрине аз уақыт ішінде дайындап ұсынған өнім болды. Алда тағы да осындай шараға қатысуға дайынмын. Тығыз болса да, ретін тауып, сапалы картина жасаған "Қазақтелеком" қызметкерлеріне алғысым шексіз. Бүгінгі әлемді алаңдатқан індет адамзатқа уақыттың қадірін білу үшін берілген мүмкіндік секілді. Бұл қиындықты жеңу әрбір жанның жеке жауапкершілігіне байланысты. Сондықтан айтылған бар тыйым шектеулерді сақтап, ережелерді орындап, жұмылған жұдырықтай бірге әрекет етсек, індетті жеңеміз", - деді әнші Жұбаныш Жексенұлы.

Онлайн концерт тегін, және барша халыққа бірдей қолжетімді. Мұндай шаралар Алматы және Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Алдағы күні Роза Рымбаева Төреғали Төрәлі, Мейрамбек Беспаев, Димаш Құдайберген секілді танымал әншілер онлайн концерт береді деп жоспарланған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир