|
20.05.2019 | 14:07
2829

Қазақстандық жұлдыздар Рамазан айында ауыл имамына көлік мінгізді (видео)

Көлік кілтін имамға Мұқасан Шайзадаев табыстады

Қазақстандық эстрада жұлдыздары Рамазан айында Шамалған ауылы имамына көлік мінгізді. Бұл туралы Ерғали Әбдірайымов өз Instagram парақшасында жазды.

Видеода «Жігіттер» тобының продюсері Жайсанғали имамға көлік табыстайтынын айтады.

«Біз бүгін осында жиналып отырған өнер қауымдары Жайсанғали деген бауырымызды қанша жылдан бері білеміз. Қолынан келгенше елге қызмет етіп жүрген азаматтың біреуі. Қасиетті Ораза айында біз ниет етіп, бәріміз ортадан  жинап, ағамызға бір көлікті сыйлауды жөн көрдік», - дейді Әбдірайымов.

Көлік кілтін имамға әйгілі әнші Мұқасан Шайзадаев табыстаған.

«Жәкеңді біраз жылдан бері білеміз. Шын мәнінде, бір қазақтың баласы болса, осы Жәкеңдей-ақ болсын.  Аға, Алла Тағалаға құлшылық жасап,  қазақ еліне, қазақтың баласына қызмет етіп жүрсіз. Игілігіңізге мініңіз», - деді ол.

Сыйлыққа разы болған ауыл имамы қуаныштан көзіне жас алып, өнер адамдарына Алла разылығын тіледі.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир