|
23.03.2020 | 13:52
3238

Қазақстандық әртістер онлайн режимде концерт өткізетін болды

«Карантиндегі жұлдыздар» жобасының алғашқы концерті бүгін кешке YouTube арнасында көрсетіледі

Қазақстандық әртістер онлайн режимде концерт өткізетін болды Фото : zakon.kz

Коронавирус індетінің таралуына және елімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты мәдениет және спорт мекемелері онлайн кеңістікті игере бастады, деп хабарлайды хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Карантин кезінде халықтың әлеуметтік желілерді көптеп қолдана бастағанын ескерген ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесе отырып, Live форматындағы «Карантиндегі жұлдыздар» атты жаңа жобаны іске қосуды қолға алды. Жоба қазақстандық музыка өнерін еліміздің барлық өңірі үшін қолжетімді етеді», - делінген ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.  

Сонымен, көп ұзамай қазақстандық әртістер онлайн режимде концерт қояды және олардың өнері танымал әлеуметтік желілерде көрсетіледі.  

Онлайн-концерттер «Қазақтелеком» АҚ қолдауымен YouTube арнасы арқылы көрсетілмек. Сондай-ақ, концерттің қайталауы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Facebook парақшасында және YouTube-тегі Қазақконцерт арнасында – @qazaqconcert көрсетілетін болады.  

Фольклорлық, классикалық жанрлардағы, эстрадалық бағыттағы шығармалар қойылатын онлайн-концерттерді көрермен өз таңдауы бойынша көре алады және әртістерге тікелей сұрақтар қойып отыруға мүмкіндік алады.  

Ұйымдастырушылар атап өткендей, «Карантиндегі жұлдыздар» атты алғашқы онлайн-концерт бүгін, яғни 23 наурызда кешкі сағат 21.00-де telecomkz-тің YouTube арнасында көрсетілетін болады. Бүгінгі концертте көрермендер үйде отырып-ақ, әнші, композитор Жұбаныш Жексенұлының орындауындағы сүйікті әндерін тыңдай алады


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир