|
05.09.2019 | 14:16
7305

Қазақтың кәсіби күйшісі Сәнен Әжиева 90 жасқа толды

Құрманғазы атындағы оркестрдің ардагері өзінің мерейтойын Алматы күнімен бірге тойламақ

   Қазақтың  кәсіби күйшісі  Сәнен Әжиева 90 жасқа толды Almaty.tv

Домбырашы, ұлттық аспапта ойнаудың шебері  ардагер ұстаздың мерейтойына орай  мерекелік кеш өтеді.

Ғұмырының жарты ғасырдан астам уақытын  ұлтымыздың  төл  өнерін  насихаттауға арнаған ұстаздың концертіне оның  шәкірттері мен танымал эстрада жұлдыздары қатысады, деп хабарлайды Almaty.tvтілшісі. 

Қазақтың алғашқы кәсіби музыкалық білім алған қыздарының бірі Сәнен Әжиева қолынан қара домбырасын тастаған емес. Жастайынан музыкаға жаны құмар кейуанаға қасиетті күй өнері атадан мұра болып дарыған. Андарбаевтар әулетінің таланатты перзентінің ерекше қабілетін ескерген сол кездегі қазақтың атақты оркестрінің жетекшісі Ахмет Жұбанов Сәнен қызды  оркестрдің құрамына қабылдаған. 1958 жылғы әдебиет пен өнердің Мәскеу төрінде өткен онкүндігіне де қатысып, жергілікті көрерменннің ықыласынада бөленіпті. 

«Шақырғанда Ахмет Жұбанов басқарып барған оркестрді. Басқа да адамдар болған. Менің ұстазым Қалижан Тілеуов болған. Сол барғанда Үлкен театрда шығып концерт бердік. Концертте «Адай», «Балбырауын» сияқты күшті күйлерді орындадық. Әрине мәскеуліктер жақсы қарсы алды»,- дейді ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Сәнен ӘЖИЕВА.

Шымкенттегі музыкалық училищесінде талай жыл еңбек еткен. Оқу орнын бітірген түлектер еліміздің әр түкпірінде жемісті еңбек етіп жүр. Лаки Кисоглу, Нұржамал Үсенбаева, Сейдолла Бәйтереков, Нұрлан Байгөзов, Яков Хан секілді дарын иелері осы Сәнен ұстаздың тәрбиесін алған жандар. Басқа да көптеген шәкірттері тек республика көлемінде ғана емес, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Түркменстан сынды әлемнің түкпір-түкпірінде тараған.

«1962 жылы алғашқы түлектер бітірді. Бұрын 50 адам болатын, қазір 500 адамнан асып кетті. Қазір барлық факультет, барлық бөлім бар. Біздің училище әлем бойынша жақсы атақ алды. КСРО Орта білім беру ісінің үздігімін»,- деді ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Сәнен ӘЖИЕВА.

Сәнен Әжиеваның 90 жылдық мерейтойына орай «Өмірім өнермен өрнектелген» атты салтанатты кеш 15-қыркүйек күні Алматыда өтеді. Қала күнімен қатар келген қарт ұстаздың ән кешіне шәкірттері түгелге жуық қатыспақ. 

Перизат Көмекбайқызы, Әсет Құндақбаев, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир