|
14.02.2019 | 14:27
8056

Қарағандылық қыз Чехияда Voice шоуында қазылар алқасын тәнті етті

Виктория ән айтқанда қазылар алқасының барлығы бірден бұрылған

Қарағандылық қыз Чехияда Voice шоуында қазылар алқасын тәнті етті novaplus.nova.cz

20 жастағы қарағандылық Виктория Мищенко «Дауыс» Чехии және Словакия байқауның бірінші кезеңінен сәтті өтті. Қыз бала өз өнерін көрсеткен уақытта, қазылар алқасының барлығы бірден бұрылды. Өз өнерін ол орыс ұлтының әнімен аяқтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бірінші кезеңнің нәтижесін бірнеше күн бұрын жариялады. Қарағандылық қыз сахнада он минуттан аса уақыт бойы тұрды, алайда өзі осы сәтті есіне түсіре алмайтынын айтады.

«Мен қазылар алқасының маған не айтқанын да есіме түсіре алмадым, тек олардың жақсы сөздер айтып жатқанын білемін.Әннің сөздерін ұмытып қалмағаныма Құдайға шүкір. Сахнада не болғанын мені қолдауға келген анам, жігітім және достарым айтып берді. Содан кейін, барлығын еске түсіру үшін шоудың теледидарға шыққанын екі ай күтуге тура келді», - дейді қарағандылық.

Көрермен оның орындауын жақсы қарсы алды, ал қазылар алқасы бірден оған қарай бұрылды.  

«Кейін олар маған қазақша бір ән айтып беруімді сұрады, бірақ мен есіме ондай әнді түсіре алмадым. «Ой, мороз, мороз» әні есіме түсті.

«Барлығына ұнаған секілді», - дейді қыз бала.

Байқаудың келесі кезеңінің түсірілімі осы демалыстарда өтеді. Әзірге бағдарламаның теледидарға және Желіге шығатын белгісіз.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир