|
12.12.2019 | 14:27
9017

АҚШ-тың ең ірі шаhарында қазақтың екі Димашы кездесті

Димаш Ниязов жерлесінің Arnau tour ENVOY шоуында өнер көрсетіп жүргінен естіген бойы, Barclays Center аренасына ат басын бұрыпты

АҚШ-тың ең ірі шаhарында қазақтың екі Димашы кездесті instagram.com/dimash.niyazov

Біреуі айдай әлемге белгілі әнші Димаш Құдайберген болса, екіншісі – Нью-Йорктің бетке ұстар тәртіп сақшысы Димаш Ниязов, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Соңғысы атақты жерлесінің Arnau tour ENVOY шоуында өнер көрсетіп жүргінен естіген бойы, Barclays Center аренасына ат басын бұрыпты. Сол жерде екі Димаш сүретке түсіп, әрқайсысы тарихи фотоны өздерінің инстаграм парақшасына жайғастырған.

Естеріңізге сала кетейік 10 желтоқсан күні  Димаш Құдайберген Нью-Йоркте жеке концерт беріп, бүкіл әлем назарын өзіне қаратқан еді. Ал 13 жасында Шымкенттен АҚШ-қа көшкен Димаш Ниязов болса, ерен еңбегі мен қайсар мінезі үшін Нью-Йорктің ең  мықты полицейі атағына ие болған азамат.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир