|
15.12.2019 | 14:27
11898

София Ротару Қазақстанда 110 мың долларға ән айтудан бас тартты

Танымал әншінің өкілінің айтуынша, Ротару шақыруларды өте мұқият таңдайды

София Ротару Қазақстанда 110 мың долларға ән айтудан бас тартты  Екатерина Чеснокова

КСРО халық әртісі София Ротаруға 100 мың еуроға (шамамен 110 мың доллар немесе 43 миллион теңге) Қазақстанда жаңа жыл түнінде ән айту ұсынылды, бірақ ол бас тартыпты. Бұл туралы "Газета.Ru" басылымына әртістің концерт жөніндегі директоры Сергей Лавров айтты.

Әнші өкілінің мәліметінше, Ротару алдағы уақытта ауқымды гастрольдік турларға бармайды, қандай да бір жеке шараларда да өнер көрсетпейді.

София Ротару Жаңа жылда Қазақстанда ән айту ұсынысынан да бас тартқан екен.

"Оның осындай жастағы қай әріптесі гастрольдерге тұрақты түрде шығып жүр? Сондықтан София Михайловна әлемді аралап, өнер көрсеткісі келмейді», - деп түсіндірді Лавров.

Sputnik


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир