|
23.11.2019 | 14:32
17489

Junior Eurovision: Ержан Максимге дауыс беру басталды (видео)

Онлайн-дауыс беру 24 қараша күні сағат 21.00-де басталатын гала-концерт алдында уақытша жабылады

Junior Eurovision: Ержан Максимге дауыс беру басталды (видео)

Қазақстандықтар «Junior Eurovision-2019» байқауында еліміз атынан сынға түсіп жатқан жас дарын Ержан Максимге дауыс беріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

19 елден қатысып жатқан үміткерлер үшін дауыс беру бүгін түнде, яғни қарашаның 22-сінен 23-іне қараған түнгі сағат 01.00-де басталды.

Қазақстандықтар әлемнің қай түкпірінде жүрсе де өз отандасына дауыс бере алады. Ол үшін Junior Eurovision сайтына кіріп, тізімнен Ержанмен қатар тағы 2 қатысушыны таңдау қажет.

Кейін «Дауысты қабылдау»/ «Дауыс беру» түймешегін басу керек.

Айта кетейік, онлайн-дауыс беру 24 қараша күні сағат 21.00-де басталатын гала-концерт алдында уақытша жабылады.

Одан соң 15 минутқа қайта ашылып, тағы бір мәрте дауыс беру мүмкіндігі беріледі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін сағат 21.00-де басталатын финалдық кезеңді «Хабар» арнасы тікелей эфирден көрсетеді.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир