|
08.10.2019 | 14:34
5189

Уәлибек Әбдрайымов: Қайрат Нұртасты тойға шақырған адам ақымақ

Уәлибек Әбдрайымов: Қайрат Нұртасты тойға шақырған адам ақымақ

Шаншар театрының директоры, актер Уәлибек Әбдрайымов қазіргі әншілерді сынға алды. Тойдан табыс табуды әдетке айналдырғандарды ақымақтыққа балады. Бұл туралы "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында айтылды, деп жазды stan.kz.

Театр басшының айтуынша, Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі, Әбдіжаппар Әлқожа сынды бір сұрыптағы әншілерді тойға шақырғандардың өзі ақымақ. Мұның себебін былай түсіндіреді.

"Аталған әншілер, ондайлар көбейіп кетті ғой, тойға барады да қаншама қаражатқа жанды дауысты ән айтпай, аузын жыбырлатып кетеді. Оған осы үшін сонша ақша беріп отырған байлар да ақымақ. Әншілер онымен қоса біреу өлтіріп кететіндей, адамдарын ертіп жүреді. Оның дискісін қоятын бөлек адамы жүреді. Тойда дискіні салатын адам табылмай ма?", - дейді Әбдірайымов.

Айта кетейік, бұған дейін Қайраттың анасы Уәлибек Әбдірайымовпен болған даудың себебін түсіндіріп, мән-жайды баяндаған еді.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир