|
10.12.2019 | 14:36
4456

Дидар Амантайдың шығармашылық кеші өтті

Жазушы 50 жасына дейін он томдық дүние жазған

Дидар Амантайдың шығармашылық кеші өтті

Ердің жасы елуде. Жазушы, қоғам қайраткері Дидар Амантайдың мерейтойына орай, Алматыда шығармашылық кеш өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Онда қаламгердің шығармаларынан үзінді оқылып, шараға жиналған жұрт театрландырылған қойылымды тамашалады. Проза, кинематография және көсемсөз жанрын қатар ұстанған жазушының кешінде толастаған құттықтау хаттары оқылып, ақжарма тілектер де айтылды.

«Дидар – дәстүрлі әдебиет пен жаңа әдебиеттің арасындағы алтын көпір іспеттес. Оның дүниелерін оқыған сайын сол көпірдің құндылығын, дүниетанымның жаңа бағытын байқайсың. Бұл – екінің бірінің ғұмырына маңдайына жазыла бермеймін дүние», – деді Қазақстанның Халық әртісі, актер Досхан ЖОЛЖАҚСЫНОВ.

Қара сөздің шебері, кинодраматург Дидар Амантай – жазу стилі қалыптасқан қаламгер. Осы уақытқа дейін бірнеше кітабы шет тілдеріне аударылған. Ал, Мұхтар Әуезов театрында «Сәлеметсіз бе, қоңыр күз» тақырыбында ұйымдастырылған жыр кеші ақынның 50 жылдық мерейтойына арналды. Онда Дидар Амантай ақжолтай жаңалығымен бөлісті.  

«Қазіргі кезде мен 50 жасқа дейін он томдық жинағын жаздым. Ол да Құдай қаласа, жуық арада жарық көреді. Қазақ әдебиетіне, мәдениетіне жаңа стиль  алып келдім деп ойлаймын. Бірақ, әрине бағамды оқырмандар, халық береді деп ойлаймын», – деді жазушы, қоғам қайраткері Дидар АМАНТАЙ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир