|
10.06.2019 | 14:46
2493

«Шөп те шегіп көрдік»: танымал журналист желіні шулатты (ВИДЕО)

Танымал тележүргізуші Мұхит Сапарбаевтың «Zhenis show»-ға берген сұхбаты көпшілік талқысына түсіп кетті.

«Бір адамдай іштік, тіпті шөп те шегіп көрдік. Бізге қол емес екен, қазір солардан тек темекі ғана қалды өмірімде», – деді Сапарбаев.

Әр адам қалай өмір сүретінін өзі білуі керек деп топшылаған Мұхит Сапарбаевты көпшілік қатаң сынға алды.

Желі қолданушылары: «Әркім өзі білсін деген дұрыс емес», «Осы еркекте намыс бар ма екен?», «Фууу, осыны көрсем жыным келеді», «Барлық адамның атынан жауап берме! Шөп шекпегендер де бар», – деген сияқты наразы пікірлер қалдырды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир