|
02.10.2019 | 16:23
9879

Алматыда «Алтын алма» қолөнер жәрмеңкесі өтеді

Оған онға жуық елдің шеберлері келеді

Алматыда «Алтын алма» қолөнер жәрмеңкесі өтеді "Экспресс К"

Алматыда Орталық Азия қолөнер шеберлері бас қоспақ. 4 және 6 қазан аралығында Орталық мемлекеттік музейде дәстүрлі «Алтын алма» қолөнер жәрмеңкесі өтеді. Бұл көрмеге Ресей, Тәжікстан, Түркменстан және Грузиядан жалпы 10-ға жуық елдің шеберлері келеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алманы сәндік қолданбалы өнер шеберлерінің төл туындыларында, зергерлік бұйымдарында, шағын гобелендерінде, киіз бен тері бұйымдарында кездестіруге болады.

«Ол кісілер өздерінің тек қана бұйымдарын сатып қана қоймай, сонымен қатар шеберлік сабақтарын да өткізеді. Бұл шеберлік сабақтарына қатысушылар арнайы жазылады, сол арқылы шеберліктерін дамытады», – деді ҚР Орталық мемлекеттік музейінің баспасөз хатшысы Ақмарал АЙДЫНБАЕВА.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир