|
10.07.2019 | 15:23
6325

Тоқаев 9 жастағы қыздың эстафетасын қабылдап, Абай өлеңін оқыды

Токаев поддержал поэтическую эстафету к 175-летию поэта и передал её Димашу Кудайбергенову

Тоқаев 9 жастағы қыздың эстафетасын қабылдап, Абай өлеңін оқыды фото из открытых источников

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алды. Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.

«Ләйлім есімді 9 жастағы мектеп оқушысы қазақтың ұлы ақыны Абай өлеңдерінен үзінді оқып, бұл эстафетаны жалғастыруды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған екен. Мемлекет басшысы Ләйлімнің бұл ұсынысын зор қуанышпен қабылдап, кемеңгер ақынның жастарды білім мен ғылымға шақыратын, мақсатыңа жету жолында қажет асыл қасиеттерді атап көрсеткен «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңінен үзінді оқыды», – деп жазды Берік Уәли.


Берік Уәлидің жазуынша, Мемлекет басшысы Абай өлеңдерін оқу эстафетасын одан әрі Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдады.

Айта кету керек, әлеуметтік желілерде қазақтың ұлы ақыны Абайдың өлеңдерін оқу науқаны басталды. Бұл challenge-ді желі қолданушылары таратып жатыр. Challenge #abai175 хештегімен белгіленген. Қазіргі уақытта жарияланымдар саны күн сайын артуда.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Кішкентай балдырған қызымыз – Ләйлім-Шырақ Абайдың Жүз жетпіс бес жылдығына орай Ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын маған жолдаған екен. Мен бұл бастаманы зор қуанышпен қабылдадым. Хакім Абайдың есімі әрқашан қазақ халқымен қатар айтылады. Біз Абайды ұлықтау арқылы жас ұрпақтың бойына ұлттық рух дарытамыз. Абай арқылы Елімізді әлемге паш етеміз. Биыл отызыншы мамырда данышпан Абайдың Жүз жетпіс бес жылдығын республикалық деңгейде атап өту жөнінде арнайы Жарлыққа қол қойдым. Абай мұрасы – біздің қастерлі қазынамыз! Абай өлеңдерін оқу эстафетасын Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаймын.

Публикация от QASYM-JOMART TOQAYEV (@tokayev_online)9 Июл 2019 в 5:44 PDT


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир