|
23.07.2019 | 15:27
3343

Төреғалидің қарындасына жігіті ұсыныс жасады (видео)

Әншінің болашақ күйеу баласы кім болатыны әзірге белгісіз

Төреғалидің қарындасына жігіті ұсыныс жасады (видео)

Әнші Төреғали Төреәлінің айдай сұлу қарындасы тұрмысқа шықпақ. Биыл ғана мектеп бітірген Фариза Төреәліге сүйіктісі күні кеше үйленуге ұсыныс жасаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қуанышты жаңалығымен шоу-бизнес жұлдызының қарындасы өзінің Instagram парақшасында бөліскен.

«Мен «иә» дедім. 22.07.19», - деген қысқа жазба қалдырған ол.

Фариза Төреәлінің жазбаларына сәйкес, ғашығы оған ұсынысты Нұр-Сұлтан қаласында жасаған болу керек.

Мектепті «алтын белгімен» тәмамдаған арудың өміріндегі аса бақытты сәттерінің біріне оның туған сіңлісі Дина куә болған.

Алайда, Төреғалидің болашақ күйеу баласы кім болатыны әзірге белгісіз. Фариза сүйіктісінің есімін әлі жария етпеді.

Жұлдызды отбасындағы жаңалықтардан хабардар болған желі қолданушылары аруға ақ тілегін жаудырып жатыр. Олардың арасында бірқатар отандық жұлдыздар да бар.

Айта кетерлігі, эстрада жұлдызының қарындасы биыл мектеп бітірген. Бойжеткен екінші мамыр күні 18 жасқа толған болатын.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир