|
05.12.2019 | 15:31
6563

"Жүрегімнің тілінгені рас": Мырзахан Маханов ажырасып кеткенін мойындады

Маханов ел көкейінде жүрген сауалға жауап беріп, қазіргі күйін баяндады

"Жүрегімнің тілінгені рас": Мырзахан Маханов ажырасып кеткенін мойындады

"Жігіттер" квартетінің әншісі Мырзахан Маханов алғаш рет жеке өміріне қатысты жан сырын ақтарды. Өнер иесі ел арасында өзінің ажырасып кеткеніне қатысты қауесеттерге жауап беріп, қызу талқыға түскен тақырыпқа нүкте қойды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Осыдан бес-алты жыл бұрын шаңырақ көтерген шоу-бизнес жұлдызы әйелімен айырылысып кеткеніне қатысты алғаш рет пікір білдірді. Маханов ел көкейінде жүрген сауалға жауап беріп, қазіргі күйін баяндады.

"Басымнан өткен жағдайлардың барлығын тізіп айтпай-ақ қояйын. Айтқым да келмейді. Бірақ, бір ауыз сөзбен айтайын, жүрегімнің тілінгені рас. Жүрегіңе түскен дақ, көзің жұмылмайынша кетпейді ғой. Әрлеп, бояуға да келмейді. Бір жеріңізді сырып алсаңыз да, ол тыртық болып қалады емес пе? Ол дақ сондай, ешқайда кетпейді" , - деп жан сырын ақтарды Мырзахан Маханов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

Әйел
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир