|
20.02.2019 | 15:32
4403

Мөлдір Әуелбекова экс-продюсерінен кешірім сұрап, көз жасына ерік берген

Продюсердің пікірінше, ұстазының алдынан өтіп, кешірім сұрау – Мөлдірдің өз қалауы

Мөлдір Әуелбекова экс-продюсерінен кешірім сұрап, көз жасына ерік берген stan.kz

Бағым Мұхитденова бұрынғы шәкірті Мөлдір Әуелбековамен қалай татуласқанын әңгімелеп берді. Айтуынша, Мөлдір оның үйіне келіп, өткен істері үшін кешірім сұраған. Бағым Мақсатқызы Мөлдір екеуінің арасында болған әңгімені ашып айтқысы келмеді. Алайда бұрынғы шәкіртімен татуласқанын айтты, деп жазады Stan.kz.

Бірнеше сағатқа созылған әңгіме барысында Мөлдір де өз-өзін ұстай алмай, жылап қалған.

«Осы уақытқа дейін кездескен емеспіз, оны көргім келмеген. Бірақ адам өз қатесін мойындап тұрса, оның өзі үлкен ерлік. Оның тарапынан бұл өте қайырымды қадам», – дейді Бағым Мақсатқызы.

Продюсердің пікірінше, ұстазының алдынан өтіп, кешірім сұрау – Мөлдірдің өз қалауы.

«Шын жүректен айтты ма, жоқ па білмеймін. Бұл ескі хикаяны біраздан бері ешкім қозғаған емес. Меніңше, бұл оның жан қалауы болды. Оның көзінен шынайылықты көрдім. Мен Мөлдірге кел деп сұрамадым. Яғни, бұл өзінің қалауы болды», – дейді продюсер.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир