|
20.06.2019 | 15:44
7146

Алматыда танымал әншілер мен жас өнерпаздар дуэтте ән шырқады

Концерттік бағдарлама 2010 жылдан бері ұйымдастырылып келеді

Алматыда танымал әншілер мен жас өнерпаздар дуэтте ән шырқады

Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті қорының ұйымдастыруымен «Жүректегі арманмен шыңға шығу жолында» атты лауреаттар концерті өтті. Әр жылы әр түрлі тақырыпты арқау еткен биылғы шара Жастар жылына орайластырылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өткен кешке бұл жолы танымал орындаушылармен қатар жастар да қатысты. Олардың көпшілігі үлкен сахнаға бірінші рет шығып отыр. Жалпы концерттік бағдарлама 2010 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Көрермендер көптен күткен кеш барысында музыканттар фильмдердегі әуендер мен заманауи композиторлардың танымал шығармаларын орындады.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылды Жастар жылы деп жариялағандықтан, өскелең ұрпаққа көңіл бөлуді жөн деп таптық. Бүгін біз қасымызға өнерге енді қадам басып жүрген музыканттарды ертіп шығамыз. Осылайша олар кәсіби мамандардан сабақ алады. Халық алдында өз өнерлерін көрсетеді. Концертте 18-ден астам шығарма орындалады», – дейді «Астана опера» театрының пианист-концертмейстері Гаухар ТАСБЕРГЕНОВА.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир