|
11.06.2019 | 18:55
4392

Star of Asia: биылғы фестиваль әлемнің 118 елінде көрсетіледі

Қатысушылар әлеуметтік желідегі әншілер арасында іріктелген

Star of Asia: биылғы фестиваль әлемнің 118 елінде көрсетіледі

Үшінші жыл қатарынан өткелі жатқан Star of Asia фестивалі бұл жолы 20 жас таланттың жұлдызын жағады. 15-16 маусым аралығында «Медеу» мұз айдынында болатын мерекелік кештің басты хэдлайнерлері ретінде Ninety One мен оңтүстіккореялық Pentagon топтары өнер көрсетеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Басты музыкалық кештің ұйымдастырушылары концертті ауқымды әрі ұмытылмастай етіп өткізуді жоспарлап отыр. Көрермендер мұнда хит әндерді жаңа нұсқада тыңдайды. Биыл жастар жылы болып жарияланғандықтан негізгі бағыт соларға берілсе керек.

«Біз әлеуметтік желі арқылы 40-қа жуық талантты жасты жинадық. Олардың барлығы дерлік – әлеуметтік желіде өз көрермені, оқырманы бар жұлдыздар. Бірақ ешқайсысы үлкен сахнаға шығып, ән салмаған. Алдын ала жасалған іріктеуден 20-ы өтті. Олар «Медеу» мұз айдынында екі күн бойы қазақстандық және шетелдік жұлдыздармен қатар өнер көрсететін болады», – дейді «Star of Аsia» фестивалінің бас продюсері Айнұр КӨПБАСАРОВА.  

Фестивальді тамашалауға 20 мыңға жуық көрермен келеді деп күтілуде. Оларды тасымалдау үшін қаладан Медеуге қарай 2 күн бойы арнайы автобустар қатынайды. Ал, бара алмағандар концертті теледидар арқылы тамашалай алады. Концерт әлемнің 118 елінде көрсетілмек.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир