|
21.06.2019 | 16:18
1944

Димаш Құдайберген АҚШ-та жеке ән кешін береді

Мәдениет және спорт министрлігі Димаш үшін кезекті концерт ұйымдастырады

Димаш Құдайберген АҚШ-та жеке ән кешін береді

Димаш Құдайберген Нью-Йорк қаласындағы әлемге танымал Мэдисон-сквер-гарден кешенінде жеке ән кешін береді. Бұл туралы Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

Оның cөзінше, мәдениет және спорт министрлігі Димаш үшін кезекті концерт ұйымдастырады.

Райымқұлова үлкен шоудың Нью-Йорктің ең танымал сахнасында осы жылдың қазан айында өтетінін атап өтті.

Министр Димаш Құдайберген түрлі елдерде бірнеше үлкен концерттер өткізгенін еске салды.

Айта кетейік, өткен жылдың 19 қараша күні Димаш Құдайбергенов Лондон төрінде дүркіретіп концерт өткізді.

Әртіс 22 наурыз күні Мәскеудің Кремль сарайында да жеке ән кешін берді.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир