|
08.12.2019 | 16:44
2680

Танымал әншінің супермаркеттегі қылығы жұртты таңғалдырды (видео)

43 жастағы әнші бірнеше хит әндердің авторы

Танымал әншінің супермаркеттегі қылығы жұртты таңғалдырды (видео) Сергей Мамонтов

Әлемге танылған әнші Sia супермаркетке келіп кезекте тұрған адамдардың сатып алған тауары үшін ақша төлей бастаған. Жұрт жұлдызды бірден таныған жоқ. Өйткені ол клиптеріне бетін жауып тұратын жасанды шашпен түседі.  

Сондықтан әнші АҚШ-тың Палм-Спрингс қаласындағы дүкенге келгенде ешкім танымады, деп жазады Sputnik.  

Sia супермаркетке кіріп, лотереядан қомақты ақша ұтқанын айтқан. Кейін кезектегі адамдардың тауарлары үшін төлей бастапты.

Алайда дүкенде әншінің жанкүйері болған екен. Ол Sia-ны танып, селфи жасаған. Жиылған жұрт танымал әншінің мұндай әрекетіне таңғалды. Бұл жағдайдан оның шығармашылығына қызығушылық артып, жанкүйерлерінің махаббаты еселенді.

43 жастағы әнші көптеген хит авторы. Chandelier әні 2013 жылы барша әлемге танылды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир