|
Мәдениет және шоу-бизнес
11.04.2019 | 17:00

Алматыда ежелгі көшпенділердің қару-жарақтары қойылған көрме ашылды

Көрмеде көне қару-жарақтың 80-нен астам түрін кездестіруге болады

Алматыда ежелгі көшпенділердің қару-жарақтары қойылған көрме ашылды

Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде ағайынды Күлменовтердің қару-жарақ көрмесі өтіп жатыр. «Мұздай темір құрсанған...» атты көрмеге қазақтың 80-нен астам көне қару-жарағы, ежелгі жауынгерлердің сауыт-саймандары, музыкалық құралдары мен тұрмыстық бұйымдары қойылған деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Осынау құнды жәдігерлер еліміздегі музейлер мен шетелдің түрлі коллекцияларында сақталыпты. Сондай-ақ, ағайындылар студенттерге металды өңдеудің ежелгі технологиялары мен жаңғырту әдістемелерін үйретуде.

«Біз кемінде 20-30-ға жуығын туып жеткіздік. Осы жерде көрсетілгені бар, сонан кейін жасырын қарулар, шпиондық қарулар, қарсы келе жатқан кезде, қашып бара жатқан кезде аттан құлататын қарулар да бар. Бәрін көрсеткіміз келеді, әлі көп. Қазақтың әскери өмірі, жалпы көшпенділердің өмірі терең зерттеуді қажет етеді. Біз үш адам бірігіп оны орындай алмаймыз. Ол үлкен институтттардың, үлкен ғалымдардың жұмысы», - дейді Қазақстан дизайнерлер одағының мүшесі Тұрсынжан КҮЛМЕНОВ.