|
07.08.2019 | 17:28
1261

Филипп Киркоровтың басы дауға қалды

"Кремлевский" тамақтану комбинаты белгілі ресейлік әншіні сотқа берді

Филипп Киркоровтың басы дауға қалды

Филипп Киркоров Кремльде өткен концертіне дайындық кезінде труппасын тамақтандыруға жұмсалған ақшаны төлемеген, деп хабарлайды Sputnik.  

Мәскеудің арбитраж соты "Кремлевский" тамақтану комбинатының Киркоровтан 82 мың рубль (шамамен 490 мың теңге) өндіріп алу туралы талап-арызын тіркеді.

Ресей президенті іс басқармасының баспасөз хатшысы Елена Крылованың айтуынша, әнші былтыр Кремльде өткен концертіне дайындық кезінде труппасын тамақтандыруға жұмсалған ақшаны төлемеген.

Талап-арыз сотқа 1 тамызда түсті, енді ол жеңілдетілген тәртіпте қаралады. Яғни, тараптар сотқа шақырылмайды, сот отырысы өтпейді. Қос тарап та барлық құжатын жазбаша түрде ұсынуы тиіс.

"Тараптар бізді дұрыс түсініп, мұның соңы дау-жанжалға ұласпайды деген үміттеміз. Себебі біз Филипп Бедросовичтің шығармашылығына құрметпен қараймыз", - деді Крылова.

Киркоровтың ұжымы "Комсомольская правда" басылымына әншінің "Я" мерейтойлық шоуына дайындық барысында техникалық персоналды тамақпен қамтамасыз ету шығынын төлеп қойғанын, алайда кейін 80 мың рубль шамасында қосымша есепшот келгенін айтты. "Кремлевский" тамақтандыру комбинаты мұның қайдан шыққанын түсіндіре алмаған.

Айта кетсек, "Кремлевский" тамақтандыру комбинаты президент әкімшілігі мен іс басқармасына, Мемлекеттік думаға, Федерация кеңесіне, Жоғарғы сот пен Орталық сайлау комиссиясына қызмет көрсетеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир