|
26.09.2019 | 21:13
17138

Ертеңнен бастап «Томирис» фильмі прокатқа шығады

Туынды қазақ және орыс тілдерінде 700 мәрте көрермен назарына ұсынылмақ

Ертеңнен бастап «Томирис» фильмі прокатқа шығады

Көрермен асыға күткен кинотуындының Алматыдағы тұсаукесері бірнеше минут бұрын басталды. Режиссер Ақан Сатаев бұл тарихи фильмді осыдан 2 жыл бұрын түсіріп  бастаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Баспасөз мәслихатында режиссер Ақан Сатаев «Томиристің» өмірі тарихи оқиға ешқандай бұрмаланбай қаз қалпында суреттелді дейді. Сценарий Геродоттың қалдырған жазбасына сүйене отырып жазылған. Кинотуынды біздің заманымызға дейінгі 6 ғасырда болған оқиғаны суреттейді. Фильмде кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған Патшайымның тағдыры баяндалған. Ал, өз кезегінде Ақан Сатаев бұл картина тек қазақстандық көрермендерді де ғана емес, шетелдіктердің қызығушылығын тудырады дейді.

«Алдымен маңдайыма осындай үлкен жобаны түсіру бұйырған тағдырыма ризамын. Көп тер төгілді, осы фильмге атсалысқан барша кино мамандарына алғыс білдіремін. Бұл туынды сценарий жағынан да, декорация мен түсірілу жағынан да көптің көңілінен шығады деп ойлаймын», - деді режиссер Ақан САТАЕВ.

Фильмде Томиристің балалық шағы, 15 жасар кезі мен патшайым болған тұсы бейнеленеді. Басты рөлді Альмира Тұрсын сомдаған. Десе де, ұйымдастушылар Томиристі сомдайтын актриса табу қиынға соққандыктарын айтады.

Сондай-ақ, кинокартинаға Ерік Жолжақсынов, Берік Айтжанов, Еркебұлан Дайыров пен Азамат Сатыбалды және тағы басқа танымал актерлер түскен. Фильмің түсірілім жұмыстары Жаркент, Шонжы, Бурабай, Баянауылда және «Қазақфильм» киностудиясының павильондарында жүргізілген.

Тағы бір айта кетерлігі, «Томиристің» көрсетілімі бойынша Қазақстан бойынша рекорд орнатпақ. Қазақ және орыс тілдерінде 700 мәрте көрермен назарына ұсынылады деп жоспарлануда. Мендегі бар ақпарат осы, сөз кезегі өзіңде Ал мен фильмді тамашалауға барайын.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир