|
28.02.2020 | 18:41
5714

Алматыда Орта Азия халықтарының қолөнер шеберлері бас қосты

100-ден астам қолөнер шеберлері қатысты

Алматыда Орта Азия халықтарының қолөнер шеберлері бас қосты

Алматыда Орта Азия халықтарының қолөнерлері мен жетекші дизайнерлері көктем мерекесіне орай түрлі бұйымдар жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.  

Мемлекеттік музейде ұйымдастырылған «Қызғалдақтар гүлдегенде» атты көрмеге Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Ресей, Моңғолия мен Грузияның барлық өңірлерінен 100-ден астам қолөнер шеберлері қатысты. Жәрмеңкеде аяулы қауым әйелдерге арналған киімдер мен зергерлік бұйымдар, киіз бен жібектен жасалған кәдесыйлар, сондай-ақ, шығыс миниатюралары ұсынылды.

«Жылына төрт рет осындай көрме-жәрмеңке өтіп отырады. Олардың бәрінің өзіндік тематикалық атаулары бар. Қолөнер шеберлеріне осындай көрме-жәрмеңкелер өте қажет. Өйткені олар осындай жәрмеңкелерде өзінің сатып алушыларын табады, өздерінің тауарларына жарнама жасайды, сатады», – деді  Орта Азия қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесін ұйымдастырушы Күнсұлу ӘБДІКӘРІМ.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир