|
15.02.2020 | 18:59
9130

Алматылық қыз әзербайжандық "Голос. Дети" байқауының қазылар алқасын таңғалдырды

Қыз бала аустралиялық әнші Sia-ның Bird Set Free әнін орындады

Алматылық 11 жастағы Елизавета Примина әзербайжандық "Голос. Дети" байқауының бірінші кезеңінен сәтті өтті. Оқушы қыз қазылар алқасының барлығын да өзіне қарай бұрды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қыз бала аустралиялық әнші Sia-ның Bird Set Free әнін орындады. Қазылар алқасының барлық мүшесі алматылық қыздың вокалдық мүмкіндіктеріне тәнті болды. 11 жастағы Лиза өзіне жетекші ретінде Әзербайжан халық әртісі Зульфия Ханбабаеваны таңдады.

Жобада Ресейдің 12 жастағы Аделина Бейсеупова өнер көрсетті. Оның шығу тегі - қазақ. Ол ұлыбританиялық Ширли Бэссидің History Repeating композициясын орындады. Байқаудың қазылар алқасы оның өнерін жоғары бағалады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир