|
14.02.2019 | 19:26
2572

Алматыда халықаралық жас кинематографистер байқауы өтеді

«48 сағатта фильм түсіру» байқауына өтініштер 4 сәуірге дейін қабылданады

Алматыда халықаралық жас кинематографистер байқауы өтеді

Алматыда «48 сағатта фильм түсіру» байқауына өтініштер қабылдау басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сайысқа Орталық Азия елдерінің жас кинематографистері қатыса алады. Соның ішінде, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан командалары бар. Жоба аясында үздік автор иесі 1 миллион теңге иеленсе, Нью-Йорк цифрлық киноакадемиясы 3 жеңімпазға 1 апта тегін білім алуға мүмкіндік бермек.

Үміткерлерден өтініш 4 сәуірге дейін қабылданады. Ал командаларға тапсырма сайыс ашық деп жарияланған соң ғана беріледі. Қатысушылар сенбі күні таңертеңнен бастап, дүйсенбінің таңына дейін жұмысты аяқтауы тиіс. Хронометраж 4 минуттан аспауы керек.

«Сайысқа қатысу үшін кәсіби кинематографист болуы шарт емес. Әуесқойлар да бағын сынай алады. Басты мақсат – жас таланттардың қабілетін шыңдау, сондай-ақ азбюджетті қызықты картиналарды шығару. Мен қазылар алқасы құрамының мүшесі ретінде әсіресе, картинада көрерменге ерекше әсер қалдыра білген жұмыстарды бағалаймын», – дейді Цифрлық кино академиясының президенті (АҚШ) Патрик ДИРЕННА.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир