|
15.12.2019 | 20:32
5928

Алматыда Бибігүл Төлегенованың 90 жылдық мерейтойына арналған концерт өтті

Бұлбұл әншінің құрметіне итальяндық әнші Джузеппе Вердидің «Травиата» операсы қойылды

Алматыда Бибігүл Төлегенованың 90 жылдық мерейтойына арналған концерт өтті Фото Tengrinews

Ал кешкісін Алматыдағы киелі өнер шаңырағы, Абай атындағы опера және балет театрында Бибігүл Төлегенованың 90 жылдық мерейтойына орай мерекелік концерт ұйымдастырылды. Бұлбұл әншінің құрметіне итальяндық әнші  Джузеппе Вердидің «Травиата» атты атақты операсы қойылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.  

Ондағы бас партияны  өнер иесінің вокалистер байқауында бас жүлдеге ие болған опера әншісі Альфия Каримова орындады. Бибігүл Төлегенованы құттықтауға көптеген отандық эстрада жұлдыздары мен халық әртісінің ерекше талантына бас иетін өнер сүйер қауым келді.  

«Қазақ елі үшін керемет мереке - Тәуелсіздігімізді алғанымызға 28 жыл болды. Қос мереке -  егемендігіміз бен Бибігүл Ахметқызының 90 жылдық мерейтойы қатар тойланайын деп тұр. Ол да үлкен қуаныш. Ең бастысы, бүкіл қазақ елі үшін егемендігімізді қолға алып жатырмыз. Егемендігіміз мәңгілікке айналсын дегім келеді, ел тұғыры биік болсын. Көк байрағымыз желбірей берсін!», - деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, эстрада және опера әншісі Толқын ЗАБИРОВА.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир